2025 жылға мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызмет туралы есеп
Ақмола облысы білім басқармасының Ақкөл ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Ақкөл қаласының №1 бөбекжайы МКҚК
1. Жалпы ережелер
1) Қызмет көрсетушілер туралы мәліметтер
Білім беру саласындағы мемлекеттік қызметтерді «Ақмола облысы білім басқармасының Ақкөл ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Ақкөл қаласының №1 бөбекжайы» МКҚК көрсетеді.
Заңды мекен жайы: Ақмола облысы, Ақкөл ауданы, Ақкөл қаласы, Нұрмағамбетов көшесі 11 үй.
2) Мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат
«Ақмола облысы білім басқармасының Ақкөл ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Ақкөл қаласының №1 бөбекжайы» МКҚК білім беру саласында мемлекеттік қызмет көрсетеді. «Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау»-65 қызмет Білім беру саласындағы барлық мемлекеттік қызметтер тегін негізде көрсетіледі.
3) Ең сұранысқа ие мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат
Білім беру саласындағы ең сұранысқа ие мемлекеттік қызметтер:
Мектепке дейінгі ұйымдарға балаларды қабылдау;
Балаларды балабақшаға кезекке қою;
Балаларды балабақшадан шығару.
2. Қызмет алушылармен жұмыс
1) Ақпарат көздері мен қолжетімділік орындары туралы мәліметтер
Қызмет алушылар үшін қажетті барлық ақпарат ресми интернет-ресурста («Мемлекеттік қызметтер» бөлімінде) орналастырылған, онда мемлекеттік қызметтер көрсету қағидалары жарияланған. www.egov.kz. www.elicense.kz
2) Ашықтықты қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар
2025 жылы түсіндіру іс-шаралары өткізілді, оның ішінде ресми интернет-парақшаларда жарияланымдар және ата-аналар жиналыстарында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
3. Мемлекеттік қызметтер көрсету үдерістерін жетілдіру жөніндегі қызмет
1. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту және Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында Ақкөл қаласы бойынша барлық мектепке дейінгі, орта білім беру ұйымдары бірыңғай ақпараттық жүйеде жұмыс істейді Akmola.kz
2. Білім беру саласында мемлекеттік қызметтер қажетті компьютерлік техникамен қамтамасыз етілген жағдайда көрсетіледі.
4. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау. Қызмет алушылардың шағымдары туралы ақпарат
2025 жыл ішінде мемлекеттік қызмет көрсетуге қатысты шағымдар түскен жоқ.
5. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру перспективалары
Мемлекеттік қызметтер көрсету тиімділігін және қызмет алушылардың қанағаттану деңгейін арттыру мақсатында келесі міндеттер қойылды:
Қазақстан Республикасының заңнамасы талаптарын қатаң сақтау;
Мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларының қолжетімділігін қамтамасыз ету;
Электрондық үкімет порталы арқылы жүгінулер үлесін арттыру;
Қызметкерлердің біліктілігін арттыру;
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына ішкі бақылау жүргізу.