"Ақмола облысы білім басқармасының Ақкөл ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Ақкөл қаласының №1 бөбекжайы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие «Ясли сад № 1  города Акколь при отделе образования по Аккольскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Мемлекеттік көрсетілген қызметтер бойынша 2021жылға арналған есеп

Мемлекеттік көрсетілген қызметтер бойынша

2021жылға арналған есеп

 

1. Жалпы ережелер

  1. Көрсетілетін қызметті берушілер туралы мәліметтер: «Ақмола облысы білім басқармасының Ақкөл ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Ақкөл қаласының №1 бөбекжайы» МКҚК. Заңды мекенжайы Ақмола олысы, Ақкөл ауданы, Ақкөл қаласы, С.Нұрмағамбетов көшесі 11.

2) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат:

3 мемлекеттік қызмет көрсетіледі:

Мектепке дейінгі ұйымдарға жіберу үшін мектепке дейінгі (6 жасқа дейін) жастағы балаларды кезекке қою;

Мектепке дейінгі ұйымдарға құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау;

Педагогтерді аттестаттаудан өткізу үшін құжаттарды қабылдау.

2021 жылы білім беру ұйымы 104қызметті көрсетті;

электрондық нұсқада көрсетілген қызметтер саны – 104;

Білім беру саласындағы барлық мемлекеттік қызметтер тегін көрсетіледі.

3) Неғұрлым сұранысқа ие мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат:

Білім беру саласында сұранысқа ие мемлекеттік қызметтер:

«Мектепке дейінгі ұйымдарға жіберу үшін мектепке дейінгі (6 жасқа дейін) жастағы балаларды кезекке қою»;

«Мектепке дейінгі білім беру ұйымына құжаттар қабылдау (6 жасқа дейін)».

   2. Қызмет алушылармен жұмыс:

  1) Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер.

  Көрсетілетін қызметті алушылар үшін барлық қажетті ақпарат ресми интернет ресурста орналастырылған ds0001.akkol.aqmoedu.kz білім басқармасының «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары мен ережелері орналастырылған. Сондай-ақ, мектепке дейінгі ұйымда ақпараттық стендте мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттары мен ережелері орналастырылған .Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы жұмыс істейді.

  2) мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (түсіндіру жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбат және басқалар).

2021 жылы білім беру ұйымы БАҚ және әлеуметтік желілерде 1 сөз сөйлеу өткізді. Ай сайынғы негізде БАҚ, қызмет көрсетушілердің интернет – ресурстары арқылы мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы халықты ақпараттандыру бойынша жұмыс жүргізіледі.

  3. Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін жетілдіру жөніндегі қызмет.

  1) Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелері.

 Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендету және Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында "№ 1 бөбекжай" МКҚК бірыңғай ақпараттық жүйеде жұмыс істейді Аkmola.kz және "College Smart Nation"ақпараттық жүйесі арқылы жүзеге асырылады.

2) мемлекеттік қызметтер көрсету саласында қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шаралар.

Білім беру саласында мемлекеттік қызметтерді қажетті компьютерлік техникамен қамтамасыз етілген 2 қызметкер көрсетеді, 2021 жылы 1 қызметкер мемлекеттік қызметтер бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өтті

 

  4. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау

  1) Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат.

  2021 жылы мемлекеттік қызмет көрсету туралы шағымдар түскен жоқ.

           3) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторинг нәтижелері.

          2021 жылы Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша мерзімдерді бұзу анықталған жоқ.

5. Мемлекеттік қызметтер көрсетудің одан әрі тиімділігінің перспективалары және сапасына көрсетілетін қызметті алушылардың қанағаттануын арттыру.

          Қызмет алушылардың қанағаттанушылығын арттыру және Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында 2022 жылға семинарлар, тікелей эфирлер арқылы ҚР заңнамасын сақтау мәселесі бойынша бақылау іс-шараларының жоспарын іске асыруға қатысу.

        нг нәтижелеріне сәйкес, 2021 жылы мемлекеттік қызмет көрсету сапасына мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін бұзу анықталған жоқ. Мемлекеттік қызметтерді бұзушылықтарға жол бермеу бойынша шаралар қабылдануда.

Басшы                   Г.Жетпісова


Әлі пікірлер




Добавить комментарий



Включить данные в подпись
Жаңартылған күні: 01.03.2022 10:35
Құрылған күні: 10.03.2022 16:23

Текст