"Ақмола облысы білім басқармасының Ақкөл ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Ақкөл қаласының №1 бөбекжайы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие «Ясли сад № 1  города Акколь при отделе образования по Аккольскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ашық сабақтар

Біздің балабақшада 2020 жылдың 18 ақпанында мектепке дейінгі жастағы балалардың танымдық дамуы бойынша білім беру қызметінің ашық сабақтары өтті.

     Білім беру қызметінің ашық сабақтары педагогтардың біліктілігін арттыру жүйесінде және жалпы білім беру үрдісінде маңызды рөл атқарады. Олар әріптестерінің қалай жұмыс істейтінін көруге, олардың оң тәжірибесін пайдалануға мүмкіндік береді.

     Тәрбиеші Шайзада Асемгүл орта топта «Менің кішкентай достарым» атты мектепке дейінгі орта жастағы балаларды әлеуметтік-адамгершілік тәрбиелеу бойынша ашық сабақ өткізді. Сабақтың негізгі идеясы мен мақсаты-балалардың үй жануарларының өмірі туралы түсініктерін жүйелеу және кеңейту.

     Ересек топта тәрбиеші Тілеген Айгүл ашық сабақ өткізді. Сабақ тақырыбы «Алтын сақа». Тәрбиеленушілер түрлі тапсырмаларды орындау арқылы Кенжетайға өз асықтарын табуға көмектесті. Сабақ барысында балалардың жоғары танымдық белсенділігі мен қызығушылығы байқалды.

 

 

Жаңартылған күні: 20.02.2020 11:47
Құрылған күні: 31.01.2022 12:07

Текст