2023-2024 оқу жылына арналған МКҚК «№1 бөбекжай»
ата-аналармен (заңды өкілдермен)
консультациялық пункттің жұмыс жоспары
Мақсаты: Мектеп жасына дейінгі балаларды үйде тәрбиелеп отырған отбасыларға консультациялық және әдістемелік көмек көрсету.
Негізгі міндеттері :
1.Мектеп жасына дейінгі баланың жан-жақты дамуы мәселелері бойынша ата-аналарға (заңды өкілдерге) әдістемелік көмек көрсету, мектеп жасына дейінгі балаларды әлеуметтендіруге ықпал ету ;
2.Ата-аналарға (заңды өкілдерге) бір жастан бастап бірінші сыныпқа қабылданғанға дейін балаларды тәрбиелеу, оқыту мәселелері бойынша консультациялық көмек көрсету; 3.ата-аналарға (заңды өкілдерге) диагностикалық көмек көрсету, мектеп жасына балалардың дамуындағы мәселелерді анықтау және диагностикалау;
4.Мектеп жасына дейінгі балалардың дене бітімі, психологиялық және әлеуметтік дамуындағы әртүрлі ауытқулардың алдын алу;
5.Мектеп жасына дейінгі балаларды үйде тәрбиелеп отырған ата-аналарға (заңды өкілдерге) ақпараттық қолдау көрсету;
6.Тәрбиеленушінің толыққанды дамуын қамтамасыз ету үшін отбасымен тығыз ынтымақтастық орнату болып табылады.
№ |
Іс-шараның атауы |
Орындау мерзімі |
Жауапты |
Құжаттама нысаны |
1 |
Ата-аналарға (заңды өкілдерге) арналған ақпаратты «Консультативтік-әдістемелік пункт» стендінде және бөбекжай мекемесінің сайтында «Ресурстық орталық» бөлімінде жаңарту |
тоқсанына бір рет |
Мукишева М.М. |
жадынама, брошюралар |
2 |
Ата-аналарды (заңды өкілдерді) жоспармен, консультативтік-әдістемелік пункттің мақсаттары мен міндеттерімен жеке таныстыру |
қыркүйек |
Тәрбиеші Мукишева М.М. |
кеңес беру |
3 |
«Ата-аналардың көзімен бөбекжай», «Баланың дамуы мен әлеуметтік бейімделуінде не өзгерді» сауалнамасы |
қыркүйек мамыр |
Тәрбиеші Алпысбаева Ш.Т. |
сауалнама |
4 |
Ата-аналарға (заңды өкілдерге) топтық кеңес беру. |
айына бір / екі рет |
Тәрбиеші Мукишева М.М. |
кеңес беру |
4.1 |
«Баланың дамуын диагностикалау-тұлғаның жеке ерекшеліктері мен бейімділігін анықтау» |
қазан |
Тәрбиеші Алпысбаева Ш.Т. |
кеңес беру |
4.2 |
«Баланың дамуының физиологиялық және психологиялық ерекшеліктері» |
қараша |
Тәрбиеші Мукишева М.М. |
кеңес беру |
4.3 |
«Бөбекжайға бейімделудегі отбасының рөлі» |
желтоқсан |
Тәрбиеші Алпысбаева Ш.Т. |
кеңес беру |
4.4 |
«Баланың балалар ұжымындағы әлеуметтік бейімделуі-әлеуметтік мінез-құлық дағдыларын және жеке тұлғаның коммуникативті қасиеттерін дамыту» |
қаңтар |
Тәрбиеші Мукишева М.М. Педагог-психолог Спанбек А.Н. |
кеңес беру ойындар түрлері |
4.5 |
«Баланың ұсақ қол бұлшықеттеріне арналған ойындар» |
ақпан |
Тәрбиеші Алпысбаева Ш.Т. |
дидактикалық ойындар |
4.6 |
«Баланың сөйлеуін дамытудағы артикуляциялық және тыныс алу гимнастикасының маңызы» |
наурыз |
Тәрбиеші Мукишева М.М. Логопед Жарқынбек Г. |
кеңес беру артикуляциялық және тыныс алу гимнастика жаттығуларын жасау |
4.7 |
«Баланың есте сақтау қабілетін қалай дамытуға болады» |
сәуір |
Алпысбаева Ш.Т. |
кеңес беру ойындар түрлері |
4.8 |
«Зейін тапшылығы бар балаға қалай көмектесуге болады» |
сәуір |
Тәрбиеші Мукишева М.М. Педагог-психолог Спанбек А.Н. |
кеңес беру ойындар түрлері |
5 |
Ата-аналармен (заңды өкілдермен) дөңгелек үстел «Сіз консультативтік-әдістемелік пункт жұмысынан қандай көмек алдыңыз және білім беру үдерісі субъектілерінің – «Бөбекжай-отбасы-бала» өзара іс-қимылын қалай тиімді етуге болады |
мамыр |
Тәрбиешілер Алпысбаева Ш.Т. Мукишева М.М. Педагог-психолог Спанбек А.Н. |
әңгіме |