"Ақмола облысы білім басқармасының Ақкөл ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Ақкөл қаласының №1 бөбекжайы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие «Ясли сад № 1  города Акколь при отделе образования по Аккольскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Алтын күз" атты ертеңгілік

Күз мезгілінің ерекшеліктері туралы, білімдерін бекітіп. Табиғат әсемділігін эстетикалық түрде сезіну. Күз  көрінісін ән, би, ойын арқылы сипаттап. Жұмбақ, өлең арқылы байланыстыра сөйлеу дағдыларын дамыту. Табиғатқа сүйіспеншілігін тәрбиелеу, қорғау, аялау сезімдерін қалыптастыру мақсатында балабақшамызда әр топтың балғындары «Алтын күз» атты ертеңгіліктер өте жоғары деңгейде өтті. Алтын күзге байланысты тақпақтарын оқып, бау-бақшаның жемістеріне байланысты қойылған жұмбақтарды шешіп, қызықты ойындарын ойнап, әр тілде қызықты қойылымдар қойылды. Балғындардың балдай тәтті тілдерімен орындаған әсем әндерін, мың бұрала билеген билерін, басқа да өнерлерін тамашалаған ата-аналардың жүздеріне күлкі үйіріліп, тәрбие ордасының ұжымына алғыстарын жеткізіп, тарқасты.   

      Осындай берекелі мерекеге атсалысқан ата-аналарымызға да, тәрбиеленушілеріне бар білгендерін үйретуден аянбаған тәрбиешілерге және мұғалімдерге де алғысымызды білдіреміз! Бала тәрбиесі - баршаның ортақ ісі!

Жаңартылған күні: 24.10.2019 14:43
Құрылған күні: 31.01.2022 12:11

Текст