"Ақмола облысы білім басқармасының Ақкөл ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Ақкөл қаласының №1 бөбекжайы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие «Ясли сад № 1  города Акколь при отделе образования по Аккольскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Жаңалықтар

Үздік тәрбиеші – 2019

МКҚК «№1 Балабақшада» аудандық «Үздік тәрбиеші - 2019» конкурсы өтті. Бұл конкурсқа ауданы аудан орталығының МКҚК «№1 Балабақшасы», МКҚК «№2 Балабақшасы», МКҚК «№3 Балабақшасы», МКҚК «Арайлым», МКҚК «Ақбота» балабақшаларынан, Кеңес орта мектебінің шағын орталығынан, Урюпин орта мектебінің шағын орталығынан, Кирдищев атындағы орта мектеп-бақшасынан, Горький атындағы орта мектеп-бақшасынан тәрбиешілер қатысты.

Конкурс бағдарламасы мыналарды қамтыды:

- «Менің кәсіби ұстанымым» педагогтың өзін-өзі таныстыруы (7 минут).

- шеберлік сабағы (20 минут).

- мұғалімнің шығармашылық зертханасы (7 минут).

- эссе «Мен заманауи ұстаз».

- порфолио.

Конкурсқа қатысушылар жұмысын әділ қазылар бағалады. Әділ қазылар алқысының құрамы: Умербаева Ш.Д. – АББ әдіскері, Шербань Н.С. – Кәсіподақ Кеңесінің төрағасы, Раздобреева Р.П. – еңбек ардагері, Исабекова Л.С. –Исаков атындағы АОМ бастауыш сынып мұғалімі, Контарбаева Г.С. – Новорыбин орта мектеп-бақшасының тәрбиешісі.  Конкурс қорытындысы бойынша бірінші орынды МКҚК «№2 Балабақшасының» музыка жетекшісі Гайворонская Л.А., екінші орын МКҚК «№3 Балабақшасының» тәрбиешісі Емельяненкова С. В., үшінші орынды МКҚК «Ақбота» балабақшасының тәрбиешісі Обиюх М.Н. және  Горький атындағы орта мектеп-бақшасының тәрбиешісі  Межова Л.Н. бөлісті. Басқа қатысушылар да өздерінің білімін, шығармашылығын, кәсіби шеберлігін жақсы  деңгейде көрсетті. Жеңімпаздар мадақтама және бағалы сыйлықтармен марапатталды. 

 

Жаңартылған күні: 11.04.2019 14:18
Құрылған күні: 31.01.2022 10:56

Текст