Семинар-практикум.
Тақырыбы: "Танымдық - зерттеу іс-әрекеті баланың жеке тұлғасын дамытудың негізгі бағыты".
1. Іс-тәжірибеден баяндама.
Тақырыбы: «Мектеп жасына дейінгі балалармен қарапайым тәжірибелерді жасау».
Мақсаты: Мектеп жасына дейінгі балалармен қарапайым тәжірибелер жасау барысында балалардың танымдық қабілеттерін дамыту, өз бетімен ізденуге, тәжірибеге сүйене отырып, қорытынды жасай білуге үйрету, зерттеу дағдыларын және зерттеу-тәжірибе жүргізуге қызығушылықтарын арттыру.
2. «Ауаның қасиеттері» атты тәжірибе сабақ.
Мақсаты: Балаларды ауаның қасиеттерімен таныстыру, тәжірибе арқылы ауаның біздің айналамызды қоршап тұрғанына көз жеткізу. Қоршаған ортада және адам ағзасындағы ауаның маңыздылығын ұғындыру және оның ерекшелігі мен қасиеттері туралы түсініктерін қалыптастыру (ауасыз өмір жоқ, көзге көрінбейді, жеңіл, иісі жоқ). Сонымен қатар жел-ауаның қозғалысы екенін түсіндіру. Ауаны табудың бірқатар тәсілдерін шеруге жағдай жасау. Қоршаған ортаны таза ұстауға және ұқыптылыққа тәрбиелеу.