28 қараша күні балабақшамызда 2019-2020 оқу жылының №2 педагогикалық кеңес өтті. Педагогикалық кеңес жақсы көңіл-күймен өту мақсатында балабақша психологы Бастанова Б.Е. психологиялық тренинг өткізді. Балабақшада «Мектепке дейінгі балалардың қарапайым математикалық түсініктерін қалыптастыруды дамыту» тақырыптық бақылауы бойынша 18.11.2019ж-28.11.2019ж. аралығында жүргізілген тексерістің нәтижесін Балабекова Р.З. оқып шықты. Педагогикалық кеңеске арналған Багаманова Р.З. мен Тлеулина А.Е.-ның өткізген ашық сабақтарға ұжым арасында талдау жасалды. «Педагогтармен жұмыстың белсенді түрі» атты іскерлік ойын жүргізілді. Және дамытушы ойындар бұрышы көрсетілді.
Педагогикалық кеңес жылы, ыңғайлы және қолайлы ортада өтіп, талдау мен шешім қабылдаумен аяқталды.