"Ақмола облысы білім басқармасының Ақкөл ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Ақкөл қаласының №1 бөбекжайы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие «Ясли сад № 1  города Акколь при отделе образования по Аккольскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Қардан жасалған қалашық

     10 желтоқсаннан бастап «Ең үздік мүсін» атты қардан жасалған құрылыстар конкурсы басталды. Соған орай жыл сайынғы дәстүрге сай биыл да балабақша ауласында қардан жасалған мүсіндердің қалашығы пайда болды. Балалардың қиялына жақын түрлі кейіпкерлер қаз-қатар тізіліп, сап құрады. Келе жатқан жаңа 2020 жыл иесі тышқан, барлығымызға жақсылығын сыйлап, кетіп бара жатқан доңыз, қоян, мысық, шыршалар, тиін, кірпі, мүсіндердің барлығы да бар. Түр-түсі келіскен. Өткен-кеткен жанның бәрі де қызықтап, суретке түсіп жатады. Қардан жасалды демесеңіз әдемі мүсіндер аулаға көрік беріп тұр. Мүсін жасауға балабақшамыздың барлық топтардың тәрбиешілері мен ата-аналары белсене қатысып, өз мүсіндерін сүйіспеншілікпен жасады.

Жаңартылған күні: 10.12.2019 16:10
Құрылған күні: 31.01.2022 12:09

Текст