12 желтоқсан балабақшада Қазақсатан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай «Тәуелсіздігім-мақтанышым» атты ертеңгіліктер өтті. Ертеңгіліктің мақсаты: балаларды Отанды сүюге, Қазақстан Республикасының рәміздерінің қастерлеуге, туған жерге деген сүйіспеншіліктерін арттыруға тәрбиелеу мақсатында олардың сөздік қорларын көбейтіп, еңбекке, адамгершілікке, парасаттылыққа тәрбиелеу. Туған елінің болашағына үлес қосып, елі, жері үшін қызмет етуге тәрбиелеу. Ұлттық тілді жақсы меңгеруге, ұлтжандылық сезімді қалыптастыруға ойлау, танымдылық қабілеттерін арттыра отырып, өнерге баулу.
Ертеңгіліктер Республикамыздың Әнұранын айтумен басталды. Балалар мәнерлеп тақпақтарын айтып, Отан туралы өлеңдерін орындап, сахналық көріністерін көрсетіп, Отанына деген сүйіспеншіліктерін арттыру.