"Ақмола облысы білім басқармасының Ақкөл ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Ақкөл қаласының №1 бөбекжайы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие «Ясли сад № 1  города Акколь при отделе образования по Аккольскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Эстафеталық жарыс. "Біз шыныққан баламыз". Мектепалды даярлық топ.»

31.01.2023

«Эстафеталық жарыс. "Біз шыныққан баламыз". Мектепалды даярлық топ.»

Тақырыбы: «Біз шыныққан баламыз».

 Мақсаты: Спорттық эстафеталық жарыстарға деген қызығушылықты арттыру. Спортқа деген сүйспеншілігімізді нығайту. Салауатты өмір салтын сақтау, дені сау, рухы таза ұрпақ тәрбиелеу.Ұлттық ойындарға деген қызығушылығын арттырып, қалыптастыру.Ептілікке, шапшаңдыққа жаттықтыру.
Көрнекі құралдар:   1 арқан, кеглилер, 2 қасық, 2 шарик, 2 доп.
Жүргізуші:
        Спорт деген азанда,
        Алады да тұрғызып.
        Еріншектік аз  онда,
        Бастайды ойын бір қызық.
        Аязда да тоңбайсың,
        Ыстыққа да күймейсің,
        Сергектікті қолдайсың,
        Жалқаулықты сүймейсің,
        Бақыт сенен қашпайды,
        Өнер білген пайдалы,
        Спорт соның айғағы .

         Бүгінгі «Еркетай» мектепалды даярлық тобының арасында өткізгелі отырған , «Біз шыныққан баламыз» атты эстафеталық жарысымызға қош келдіңіздер!
Ал, сайыскер балалар,

Ешкімің жоқ алалар.

«Жеңімпаз» болу үлкен ерлік,

Оны әділ қазылар бағалар. (әділқазы мүшелерімен таныстыру)

1. Балабақша басшысы: Жетписова Гүлден Маратовна

2.Балабақша әдіскері: Балабекова Розаалия Зиятденовна

3.Балабақша медбикесі: Ахметкалиева Бахытгүл Төлегеновна

     Уа ,халқым,назар аудар денсаулыққа,
     Өмірде бақыттысың денің сауда.
     «Денсаулық-терең бақыт»деген сөзді
      Құр айтпаған ұлы Абай данамыз да.
      Денің сауда күштісің бұл әлемде,
      Денің сауда сұлусың жер бетінде.
      Сол мықты денсаулықтың арқасында
      Жетерсің әлі талай бақыттарға деп,- ортаға

 

1.     «Қыран» тобын шақырамыз.

2.     «Сұңқар»  тобын шақырамыз.

Топтар бір-бірімен сәлемдеседі.

Жарысымыз «6» турдан тұрады.

1 - тур: «Өз тобыңды таныстыр»:

«Қыран»тобы:

Ұраны: Шымыр, сергек денеміз,
             Спорт сүйер өренбіз!

 

 «Сұңқар» тобы:

Ұраны:   Спортпен достас,

                 Жалқаулықпен қоштас.

 

2 – тур: «Кім  жылдам?» 

Ойын шарты: Бірінші  ойыншы қолына допты алып,  жүгіру арқылы           белгіленген орыннан айналып келіп, екінші ойыншыға допты береді. Ойын әрі қарай жалғасады, қай топ бірінші аяқтаса сол топ жеңіске жетеді.

3 – тур: «Кеглиді доппен құлату»

Ойын шарты: 2-3 метр қашықтыққа тігілген кеглиді доппен ұрып құлату. Қай топ барлық кеглиді құлатса сол топ жеңіске жетеді.

          
4 – тур: «Жүйрік паравоз» жарысы

Ойын шарты:   Бірінші бала паравоз, қалған балалар вагондары болады. Бірінші паравоз бала белгіленген жерден өзі айналып келіп, екінші баланы ертіп айналып келіп, үшінші баланы ертеді, жарыс осылай жалғаса береді. Жарыс соңында қай топтың паравозы вагондарын жинап мәреге бірінші жетсе сол топ жеңеді.


5 – тур:  ІV кезең: «Алтын қасық» 

Шарты: Әр қатысушы теннис добын қасыққа салып алып, мәреге дейін жүріп барып,қайта келуі тиіс, қай топ мүшелері бірінші болып келсе сол топ жеңімпаз.
 

 

6 – тур: «Арқан тартыс» жарысы

Ойын шарты:   Ортаға арқан беріледі. Арқанның қақ ортасында белгісі бар. Екі топ арқанның екі жағынан ұстап белгі бойынша тартысады. Қай топ арқанды өзіне қарай тартып алса, сол топ арқан тартыс жарысы бойынша жеңіске жетеді.

Жарыс заңы ежелден,

Жеңімпазды анықтау,

Жеңімпаз болу шарты сол,  

 Еңбектену, жалықпау.

Біреу озса сайыста,

Біреу артта қалады.

Бұл сайыста ренжімей,

Тараса бізге жарады, - демекші сайысымыздың шарты бойынша қорытынды шығарып жеңімпазды анықтап, марапаттау сөз әділ қазылар алқасына беріледі.

( ойынға қатысқан ойыншылар марапатталды).


Жүргізуші: Осымен  «Еркетай» мектепалды даярлық тобының арасында өткізілген   «Біз шыныққан баламыз» атты  эстафеталық жарысымыз аяқталды.

                  Жарқын,шаттық заман болсын,

                  Бүлдіршіндер  аман болсын.

                  Сыйластық пен бірлік болып,

                  Әрқашан орта толсын. ( Қорытындылау, мадақтау ).

 

 

 

 

 

 

Просмотров: 938


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст