Сыбайлас жемқорлықпен күрес –ортақ парызымыз» атты дөңгелек үстел отырысы
МКҚК «№1 бөбекжайы» қызметкерлері арасында «Сыбайлас жемқорлықпен күрес –ортақ парызымыз» атты дөңгелек үстел отырысы өткізілді. Аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкері қатысты. Дөңгелек үстел отырысына қатысушылар алдында өз баяндамасында: «Сыбайлас жемқорлық ел экономикасының көтерілуіне үлкен кедергі келтіріп отырған қоғамымыздың ең басты қауіп - қатерлерінің бірі болып табылады. Сондықтанда оны болдырмау, алдын-алу мақсатында елімізде көптеген іс-шаралар жоспарланып, жүзеге асырылуда. Бүгінгі таңда, мемлекеттің ұйымдасқан қылмыс және сыбайлас жемқорлықпен күрес саласындағы ең басты назары экономикалық даму процестерінің басқарылуына, ұйымдық-құрылымдық буындардың тиімді жолдарына, ішкі өзін-өзі бақылау жүйесін құруға және қылмыстылықты тазартуға аударылуы тиіс. Сонымен бірге, сыбайлас жемқорлықпен күрестің басты бағыты - оның алдын алу, яғни, оның себептері мен шарттарына ықпал жасау болуы керектігін ескерген жөн деп есептеймін.» - деп қорытындылады.
Осы іс-шараға қатысушылар пайдалы ақпараттар алып, бір-бірімен қызықты пікір алмасты.