"Ақмола облысы білім басқармасының Ақкөл ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Ақкөл қаласының №1 бөбекжайы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие «Ясли сад № 1  города Акколь при отделе образования по Аккольскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Балабақшада "Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру" мақаласының мазмұнын жүзеге асыру.

04.04.2019

Н.Ә.Назарбаевтың "Рухани жаңғыру" - "Болашаққа көзқарас"  мақаласының негізгі мақсаты рухани және мәдени құндылықтарды сақтау және көбейту. Қоғамдық сананы жаңғырту бағыттарының бірі патриоттық сезімді қалыптастыру бойынша жұмыс болып табылады. Отаншылдық өз жеріне, өз ауылына, қаласына, кіші отанына деген сүйіспеншіліктен басталады. Бала туған өлкенің сұлулығын түсініп, көруді, оны сезінуді, оның байлығын сақтауды үйренуі үшін оған осы сезімдерді бала кезінен бастап сіңіру қажет. Дәл осы мектепке дейінгі жаста тұлғаның негізі қаланады: қоршаған ортаны тұтас қабылдау, қоршаған адамдарға тікелей эмоционалдық қарым-қатынас, олардың мұқтаждықтары мен уайымдарына деген құштарлық дамиды. Мұнда адамгершілік және патриоттық тәрбиенің негізін қалайтын сипаттың белгілері дами бастайды: еңбексүйгіштік, мейірімділік, ізгілік. "Рухани жаңғыру" бағдарламасын жүзеге асырудың негізгі аспектілерін қозғай отырып, біздің балабақшада патриоттық тәрбие бойынша жобалардың тұсаукесерлері өтті. Ортаңғы  «Гүлдер» тобында  тәрбиеші  Калыкова Қ.Қ «Туған жердің табиғатын аялайық!» тақырыбында, ересектер «Қарлығаш»  тобында тәрбиеші  Жетпісова Г.М. «Ардақты тұлғалар»  тақырыбынды, даярлық  «Еркетай» тобында  тәрбиеші Оздоева М.С. «Туған өлкем - Ақкөл» тақырыбында ашық сабақтар көрсетті.

Просмотров: 574


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст