Текст
Балабақшада 8-наурыз мейрамына арналған ертеңгіліктер өтті
Далада әлі қар жатыр, ал күнтізбе бойынша әлдеқашан көктем! Және бұл тамаша жыл мезгілін әйелдер мерекесі ашады.
"Ол – өмір көзі, жер бетіндегі мейірімділік, бүкіл әлемдік үлгісі менің сүйікті, туған анам". Бұл әлемнің әрбір ересек адамның және баланың айтылатын ана туралы сөздері. Сондықтан, мереке қарсаңында барлық адамдар өзінің ең қымбат адамдарына ерекше, жақсы, жағымды істер жасағысы келеді.
Балабақшамызда 3наурыз бен 5 наурыз аралығында 8 наурыз күніне арналған ертеңгіліктер өтті. Балалар ән айтып, ана туралы тақпақтар айтып , би биледі және т. б. Әрине, мерекелер, балабақша атмосферасына көктемгі қуаныш пен бақыт енгізіп еңгізді.