Жаңа жыл- балаладың ертегі мен ғажайыпқа сеніп күтетін мереке.
Жыл сайын балабақшада біздің сүйкімді бүлдіршіндер мен олардың құрметті ата-аналарына арналған мерекелік Жаңа жылдық ертеңгіліктер өтеді. Биылғы жылы 23 желтоқсан мен 25 желтоқсан аралығында музыкалық залда жеті жарқын көріністер өтті.
Балалар ертегілер, күтпеген оқиғалар, әндер, билер, ойындар, конкурстар мен сыйлықтар әлеміне енді. Аяз Ата мен Ақшақардың пайда болуы әр баланың бойында үлкен қуаныш және шаттық әлемін туғызды. Және де түрлі ертегі кейіпкерлері и балалар мен ата-аналардың көнілдерін көтерді. Аяз Ата тек қана балалармен ғана емес, жетекші және тіпті ата-аналармен ойнады. балалардың барлық тапсырмаларды ынтамен орындағандарын бақылауға қызықты болды. Әрине, мерекенің шарықтау шегі, жаңа жылдық сыйлықтарды табыстау болды.
Балалар мен ата-аналар сергек көңіл-күй мен Жаңа жылдық талпыныс алды. Ал тәрбиешілер үшін ең жақсы сыйлық ата-аналардың ризашылығы мен балалардың жарқырап тұрған көздерін көру.