“Кел, Жаңа жыл!” мерекелік ертеңгілік.
Кәмпит: (ортаға билеп шығады)
Сәлеметсіздер ме, балалар!
Жаңа жыл келді, міне,
Далама, қалама, жеріме.
Шаттыққа бөлеп әр үйді,
Шыға ғой менің төріме.
Балалар, мен – кәмпит. Аяз-атаның сендерге әкеле жатқан сыйлықтар салынған қабынан тісіп қалдым. Ал Аяз-ата сендерге әлі келген жоқ па?
Кәмпит: балалар, жылда жаңа жыл мерекесінде қонаққа кімдер келеді?
Балалар: Аяз-ата, Ақшақар.
Кәмпит: Дұрыс айтасындар, балалар… ендеше, алдымен жаңа жыл мерекесіне келетін Ақшақарды бәріміз шақырайық.
Балалар: Ақшақар (3рет қайталап айтады).
Кәмпит: Амансың ба, Ақшақар!
Ақшақар: Шыршаларын керемет қой, өзі сондай әдемі екен, бірақ шамдары сөніп тұр ғой. Кәне, бәріміз шыршаға үрлейік қаттырақ.
Жүргізуші: Аяз-атасыз біз ештеңе істей алмаймыз, кәне атамызға вацаппен СМС жіберіп есіне түсірейік , атамыз кәрі, мүмкін ұмытып кеткен шығар.
Ал Аяз – ата келгенше, біз өлен айтайық.
Ән: “Қыс күні”
Жүргізуші: -Балалар, Аяз-ата өзі қандай?
Сақалы аппақ күмістей
Тістері аппақ күріштей
Нұр жайнаған ажары
Сағындым Аяз-атаны.
Жүргізуші. Өте дұрыс, балалар, олай болса барлығымыз қатты дауыстап аяз-атаны шақырайық. Бір, екі, үш: Аяз-ата (3 рет)
Сценка на русском языке:
(Под музыку вбегают 2 зайчика)
Зайцы:Мы маленькие зайчики на праздник к вам пришли.
Хотим повеселиться, попрыгать от души.
(смотрят на елку, говорят испуганно, встревоженно)
1-ый заяц: Что же это? Что случилось?
Наша елка не горит!
2-ой заяц: Кто же нам теперь поможет?
Слышишь, лисонька бежит.
(под музыку входит лиса)
Лиса:
Я Лисонька – Лиса,
Всему свету краса.
Шла я по лесу, гуляла.
Вижу, заиньки стоят.
И о чем-то говорят.
Подойду я к ним поближе,
(лиса подходит к зайцам, они пугаются, она их приобнимает)
Ну, не бойтесь, не обижу.
Расскажите, что случилось?
Зайцы:
Мы пришли на елку в сад -
Нынче праздник у ребят.
Как же Новый год встречать?
Огоньки то не горят!
Лиса (встревоженно):
Ах, какое несчастье! Какая беда!
Друг медведь! Скорее сюда”
(под музыку входит медведь, смотрит на елку, обходит с другой стороны)
Медведь:
А где же огоньки?
Новогодние фонарики
У елки быть должны!
Что случилось?
Ну – ка расскажи!
Зайцы: Мы пришли на елку в сад,
Огонечки не горят.
Лиса:
Ты нам Миша помоги,
Ты нам Миша подскажи
Как вернуть фонарики
Золотые шарики?
Медведь:
Знаю я таку проказу –
Это ветер – озорник.
Пролетал он мимо елки,
Потушил все огоньки.
Лиса, зайцы. Как же быть? Что предпринять?
Скоро праздник у ребят!
Новый год без яркой елки
Мы не сможем повстречать!
Медведь:
Мы ребяток позовем, вместе огоньки зажжем.
Вы, ребята, не зевайте, выходите, помогайте.
(дети встают возле елочки)
Ведущая:
Возле елочки вставайте и за мною повторяйте.
На елочку подуем (…)
Дружно покалдуем.
Ножками потопаем (…)
Ручками похлопаем (…)
Головками помашем (влево – вправо качают),
Ножками попляшем (пружинка)
Все: раз, два, три – елочка гори!
(под музыку зажигается елочка)
Тимур:
Будет елка наша яркой,
В разноцветной мишуре,
Принесет Мороз подарки
И подарит детворе.
Снегурочка:
Что же детки, вы стоите? Поплясать вы не хотите?
Дружно все в кружок пойдем, нашу песенку споем!
Песня. “Дружно встанем в хоровод”
Жүргізуші: балалар, ал енді Аяз атамызды шақырайық.
Балалар: Аяз – ата!!!
Әуен ойналады. Залға Аяз – ата кіреді.
Аяз – ата:
Амансың ба, ұлдарым,
Амансың ба, қыздарым
Қандай әсем жүздерін
Қандай мөлдір көздерін
Керемет бір ән тындар,
Келіп тұр – ау демалып.
Ән: “Жаңа жыл”
Жүрг-ші: балалар, ал енді Аяз атаға тақпақтарымызды айтып берейік:
Мөлдір:
Аппақ тоңға оранып
Базарлықты мол алып
Келді алыс сапардан
Аяз ата оралып
Қалып едік сағынып
Күтіп алдық жабылып.
Алибек:
Ақ қырауға малынған
Ақша қардай сақалы
Көптен күтіп сағынған
Көрдік Аяз атаны.
Жанерке:
Базарлықты баршаға
Әкеліпті ол тағы
Қарасын деп тамсана
Безендірдік шыршаны.
Аяулым:
Тақпақтарды жаттадық
Би билейміз көрсін деп
Аяз – ата қуанып,
Бізге риза болсын деп.
Ясмина:
Шеберін – ай аяздың
Әйнектерді қағаз ғып
Әшекейлеп қойыпты
Бірнеше ою ойыпты
Суреттерді әр үйге
Әйнектерге әрине
Түнде салып береді
Көзі қалай көреді?
Қайнар:
Жаңа жылды тойлайық
Ойнап асыр салайық
Атамыздың сиқырлы
Қолғабымен ойнайық.
Аяз – ата: “ Балалар, шынында менің қолғабым сиқырлы. Қолғабымның сиқыры – ойын шарты бойынша, қолғап кімнің қолында қалып қойса, сол бала тақпақ айтып береді.
Дильназ:
Қуантып елді
Жаңа жыл келді
Өсетін болдық
Бір жасқа енді.
Ибраһим:
Жаңа жылым жол болсын
Басқан қадам оң болсын
Төрлет, төрлет Жаңа жыл,
Бізге құтты жыл болсын.
Аяна:
Жақсы Жаңа жыл келді
Асқар таумен тұлғалас
Біз осылай жылды енді
Қарсы алайық бәріміз.
Мирас:
Жаңа жылда алдағы
Көңіл өсіп кеңейсін
Ортақ ойы, арманы
Жақсы дәстүр көбейсін.
Тамерлан:
Аспан жерге төгеді
Ақ күмісін уыстап
Жаңа жылда келеді
Бізге қарай жылыстап.
Ерсайын:
Әкелсін жыл ырыс – құт
Әлемде болсын тыныштық
Жаңа жылым тамаша
Ән салайық жаңаша.
Ән: “Қыс туралы ән”
Аяз ата: Ой, айналайындарым – ай, сендерге келуін келдім, бірақ қапшығымнан кәмпиттерім бір бірден жолда түсіп қалыпты…. Енді не істесем екен?
Жүргізуші: Мүмкін ормандағы шыршалар жолда кәмпиттерді көрген шығар…
“Шыршалар” биі
Ойын: “Кәмпиттер”
Жүргізуші: “Қабымыз үлкен, ал кәмпиттеріміз аз екен.”
Ақшақар, сенің сіңілерін көрген шығар.
Би: “Ұлпақарлар”
Аяз – ата: Өте жақсы, рахмет сендерге ұлпақарлар, шыршалар, ал енді мен балаларға тәттілерін берейін.
Аяз – ата сыйлықтарын таратады.
Аяз – ата, Ақшақар: Ал, балалар, біз қайтайық. Бізді басқа балалар да күтіп отыр.
Жаңа жыл құтты болсын,
Жаңа жыл мол табыс әкелсін.
Денсаулықтарын мықты болсын,
Сау болындар, балалар.
Жүргізуші: Ал құрметті қонақтар! “Кел, Жаңа жыл” атты ертеңгілігіміз аяқталды. Біздің осындай өнерлі, сүйкімді, ақылды, тәп-тәтті бүлдіршіндеріміздің өнерін тамашалағандарыңызға көп-көп рахмет. Сау – саламат болыңыздар!