БАЛАБАҚШАДА ТІЛДЕР КҮНІН АТАП ӨТТІ
2019 жылдың18 жұлдызында Қазақстан халықтарының тілдер күніне орай Ақкөл қаласының №1 балабақшасында «Ана тілі-асыл мұра» атты топтарда мерекелік ертеңгіліктер өтті.
«Халықтың мәңгі ғұмыры – оның тілінде. Әрбір тіл өз халқы үшін – ұлы», - деген Шыңғыс Айтматов. Сондықтан, әр адам өзінің ана тілін қорғай да, құрметтей де білуге міндетті. Балаларға тілдер күнінің құндылығы мен маңыздылығы туралы түсінік берілді.
Балабақша шаңырағының астында ұлты өзге ұстаздар мен балалар бірлесті. Өнерлі кішкентай бүлдіршіндер түрлі ұлттармен таныстырып, олардың көрнекті ұлттық киімдерімен, дәмді тағамдарымен, керемет билерімен, қызықтық ойындарымен таныстырып, әсерлі тақпақ, әндерін орындап қонақтарға жасқы көңіл-күй сыйлады.